Шахтинск

Құрмет құшағында

   Жаңа жыл қарсаңында Шахтинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары, подполковник Ақылбек БАЙЖҰМАНОВ Ұлы Отан соғысының ардагері Надежда АЮХАНОВАНЫ арнайы барып мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында екінші дүниежүзілік соғысынан аман оралған қария қанды шайқасқа қатысқандығын баяндап берді. Соғыс ардагерінің айтуынша, майданға 1942 жылы Челябинсктен аттаныпты. Сол кездегі өрімдей қыз нәзік жандылығына қарамастан қару ұстау мен атуды үйреніп, көздеген нысанына дәл тигізетін сұрмерген болған. Алғашқы әскери қызметін госпиталдан бастапты. Қызметке әскерилер отбасынанмын деп қабылданып, өз қалауымен иығына қару асып, жауға төтеп берген. Сөйтіп, әжей 1945 жылға дейін Мәскеудегі зениттік артиллерия полкінде қызмет етіп, әскери борышын адал өтеген. Соғыс жылдарында ардагердің баспаған жері кем де кем. Ол талай қыстақтарды жау қоршауынан құтқарған. Майдан даласында жау оғынан екі рет жараланыпты. Соғыс жылдарындағы ерліктері үшін сержант шенін алумен қатар, бірнеше дүркін орденге де ие болған. Омырауында жарқыраған медальдары оның бүкіл ерлігін, батырлығын айқындап тұр. Соғыстан кейін ұзақ жыл бойы геология саласында еңбек еткен. Бұл салада бұрғылаушы қызметін атқарыпты. 1993 жылы құрметті зейнеткерлікке шыққан.

Подполковник Ақылбек Байжұманов ардагерге сыйлықтар сыйлап, Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, елімізге бейбітшілік тіледі.

Өз тілшімізден.

ШАХТИНСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button