Жаңалықтар

ӘРІПТЕСІМІЗДІҢ АТЫ ОЗДЫ

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Белгілі жорналшы Оралбек Жүнісұлын көпшілікке таныстырып керегі жоқ. Ол жер тарихына қатысты, халқымыздың ауызбіршілігі жөніндегі салиқалы мақалалары көпшілік жүрегіне жол тауып, өз оқырманын тапқан қаламгер. Еңбек адамы туралы жазған дүниелері мемлекеттік тапсырыспен өз алдына кітап  та болып шықты.

Оның мұндай еңбегі атаусыз қалған жоқ. Ол Ақпарат  және коммуникациялар министрлігінің 2017 жылғы «Ақпарат саласының үздігі» белгісімен марапатталды.

Көрер құрметіңіз таусылмасын дейміз Орекеңе. Қашанда шығармашылық табыс тілейміз!

Бет қатталып жатқанда…

«Орталықтың» түлегі, қазіргі күні ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі Қамбар Ахметов те «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Төрехан МАЙБАС.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button