Жаңалықтар

ӘРБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЖЕТТІ БУЫНЫ

       Нотариус – әрбір құқықтық жүйенің қажетті буыны. Келісім-шарттар мен құқықтарды ресімдеу сатысында оның қатысуы – әрбір мәміле тараптарын құқықтық қорғаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1997 жылы Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы қабылданғаннан бері азаматтар мен заңды тұлғаларға нотариаттық қызмет көрсету желісі өсті. Себебі, еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуы нотариаттың құқықтық мәртебесін көтеріп, жариялық-құқықтық рөлін арттырды. Қарапайым халық жылжитын және жылжымайтын мүліктер, көлік немесе тағы басқа өзіне тиесілі, жеке заттарын сату мен сатып алуда, өз иелігіндегі меншікті жақындарына немесе өзі қалаған бөгде адамға әлде мекеме, ұйымдарға аманат етіп қалдыруда, басқа да жағдайларда нотариустың қызметіне жүгінетіні анық.

1998 жылдың 31 желтоқсанында нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, кәсіби мамандарды біріктіріп ұйымдастыру орталығы – Қарағанды облысының нотариаттық палатасы құрылды. Оның алғашқы төрағасы Жанар Тоқтарова, осы қызметтің майталманы ретінде, бүгінгі күнге дейін өзінің іскерлігімен ұжымға үлгілі басшы.

Қарағанды облыстық нотариаттық палата – нотариустар мен келушілерге мұқият және мейірімді қарым-қатынасы арқылы құзыреттік атмосфера жасай отырып, аталмыш қызметкерлер біріктіретін ұйымдастыру орталығы.

Сонымен қатар, жеке нотариаттық мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыру барысында, 2004 жылдан бастап Қарағанды облысы нотариаттық палатасы жанындағы жеке нотариаттық  мұрағат – Қарағанды облысының нотариаттық палатасының филиалы жұмыс істейді. Жеке нотариаттық мұрағаттың бірінші директоры – 10 жыл бойы жеке нотариаттық мұрағаттың құрылуы мен дамуына лайықты үлес қосқан А.Мұстафина. Ал, 2014 жылдан бастап бұл қызметті А.Ержанова атқаруда.

Қазіргі таңда облыстық нотариаттық палата 341 нотариустан құралған. Палата ұжымы  өздеріне заңмен жүктелген тікелей міндеттерімен бірге, мереке күндері Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігіне, бұрынғы мемлекеттік нотариустарға, зейнеткерлерге, ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне қайырымдылық көмек көрсетіп, балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балаларға қайырымдылық акцияларын өткізуде.

Сонымен қатар, ұжым түрлі іс-шараларды ұйымдастырумен қатар, республикалық, облыстық шараларға қатысып, жүлдеге ие болуда. Мысалы, 2013 жылы Қарағанды облысының нотариустары арасында «Үздік жыл нотариусы» атты номинацияда Сара  Джукан жеңімпаз атанды.

Жыл сайын Нотариат күнін мерекелеу қарсаңында республикалық нотариаттық палата спартакиада өткізеді. Осы шараларда облыстық палата өкілдері жеңімпаз атанып келеді.

2016 жылы Нотариат күнін мерекелеу қарсаңында нотариаттың қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі үшін Қарағанды қаласының нотариустары Ж.Тоқтарова мен Г.Такирова Республикалық нотариаттық палатаның «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, жеке нотариус С.Рақымжанова мерейтойлық медальмен марапатталды. Әділет күнін мерекелеу қарсаңында жеке нотариус Л.Кәріпбек «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР Әділет министрлігінің медалімен марапатталды.

Облыс нотариустары нотариаттық іс-әрекеттер жасау бойынша өз деңгейінде түсініктемелер, кеңестер береді. Нотариаттық палата өкілдері ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру, «Әділет кеңес береді» акциясы аясында нотариалдық қызмет саласындағы мәселелер бойынша, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында тегін заң көмегін көрсету аясында облыстың еңбек ұжымдарымен кездесулерге қатысады. Оның ішінде, жекеше нотариустар Сайлау Қарабеков пен Салтанат Бәкірованы атап айтуға болады. Олар ай сайын құқықты түсіндірушілік жұмысына, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау арқылы белсене қатысады.

Қанағат ТАТИЕВА,

Қарағанды қаласының нотариусы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button