Құрылтай сайлауына Теміртау қаласындағы 266-сайлау учаскесіне бастарына бірыңғай қызылқоңыр телпек, үстеріне сол түстес сәнді көйлек киген, қолдарына раушан гүлдер ұстаған төрт ару қыз бұқараның назарын өздеріне аударды.

Дауыс беруге арнайы осылай киініп келген арулар – сән үйінің Олар сайлау күніне орай арнайы біркелкі киім үлгісін таңдап, өздерінің азаматтық белсенділігін ерекше сән-салтанатпен көрсетті. Қаздай қалқып, әсем жүріспен келген арулар сайлау учаскесіне көрік беріп, дауыс берген соң қайтадан тізіліп шығып бара жатты.
Сән үйінің қыздары Құрылтай сайлауының ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Олардың айтуынша, әр азамат қоғамдық өмірге белсенді араласуы керек. «Бүгінгі сайлау – елдің ертеңіне әсер ететін маңызды қадам. Сондықтан дауыс беруден тысқары қалуға болмайды», – деді арулар.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ



