Спорт

Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан?

17 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде отандасымыз Шавкат Рахмонов қарсыласы америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта техникалық нокдаунмен жеңіп, мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізген болатын. Қазір спортшы ұзақ мерзімді демалысқа шықты. Ал, демалыстан кейін октогонға қашан оралатыны да белгілі болды.

Сурет: kaz.nur.kz сайтынан

Бұл жекпе-жек отандасымыз үшін оңайға соққан жоқ. Қарсыласы да осал емес. Десе де ол орайлы сәтті пайдаланып, жекпе-жекті өз пайдасына шешті. Қазақстандық файтердің секунданты Бауыржан Уталиев спортшының қашан октогонға оралатынын айтты.

 – Шавкаттың сөзі бойынша ол жазда жұдырықтаса алады. Бірақ асығыс шешім қабылдамайық. UFC-ге қашан барамыз деп сұрадым. Ол жазда дегендей болды. Десе де қазір демаламыз. Жаттығуды жаңа жылдан кейін бастаймыз. Оның үстіне аяғының жарақатын емдеу қажет, – деді Бауыржан Уталиев.

Жекпе-жекке 25 күн қалғанда Шавкат аяғынан жарақат алып қалған болатын. Сол уақытта спортшы өзінің Instagram парақшасында балдақпен жүрген фотосын жариялаған. Сондықтан спортшы жекпе-жекте аяқпен жасалатын соққыларын қолданбаған көрінеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button