Жаңалықтар

Рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне қоқыс шығарған тұрғын жазаланды

Қарағанды тұрғыны 7 сәуірде ЖЭО-1 ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне 20 жүк көлік көлемінде заңсыз қоқыс қалдықтарын шығарған. Мұны Қарағанды облысының Экология департаментінің мамандары жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлескен рейд кезінде анықтаған.

 

Құқық бұзушы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабында (“Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу”) айыппұл қарастырылған: жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК (172 500 тг.), лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК (345 мың тг.).

 

Бүгінгі таңда заң бұзған қарағандылық тұрғын барлық қоқыстарды заңды қоқыс үйіндісіне шығарды.

Егер сіздер заңсыз қоқыс шығарудың куәсі болсаңыз, экология департаментіне (8-7212) 41-09-66 телефоны арқылы хабарлаңыздар болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button