Басты тақырып
Әр мәселе – әкім назарында
Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ жұмыс жоспарында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ерекше орын алады. Қабылдаулар халықпен арадағы байланысты жүйелі етіп, оңды істерге бастайды.
Мәселен, азаматтар облыс басшысына өзекті мәселелерін жеткізеді. Билік тарапынан қолдау табарына сенімді болады.
Жуырда аймақ басшысы бірнеше азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар жер учаскесінің құжатын рәсімдеу, мемлекеттік тұрғын үй қорының есебінен баспана алу, су құбырларын тарту сияқты мәселелерді көтерді.
Әрбір мәселеге жіті назар аударған облыс әкімі қажетті түсініктемелер берді. Әрбір қызметке нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.