Пікірлер

Әр істің қайыры бар

Індет ел шетіне іліккелі оның  таралуының алдын алу мақсатында елімізде атқарылып жатқан шаруаларды өзіміз көріп, көзіміз қанықты. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін назардан тыс қалғаны жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында солардың бәріне тоқталып, халықты сабырға шақырып, бірлікпен ғана індетті жеңетініміз айтылған.

Расында да, қазақ әр істің бір қайыры болады деп, артын сабырмен баққан. Қиын заманды бастан өткерсе де ауызбіршілігін сақтап, жақсылықтан үмітті болған.

Жақсы күндерде жасалған әр істің, атқарылған шаруаның осы кезде жайдан-жай кетпегенін, халықты тұралатпай, алып шығуда маңызы зор екенін көріп келеміз. Ұстанған саясаты – сарабдал, басшысы елін сыйлаған, халқы басшысын құрметтеген біртұтас ел әлі талай қиындықты еңсеретініне сенімдімін. Әрине, шығынсыз болмақ емес. Жақсылық пен жамандық егіз. Бірде жайлы, бірде жайсыз болса да түбі жеңіп шығарымыз сөзсіз. Ол – анық. Елбасының да айтпағы – осы!

 

Ерлан ШЕГЕНОВ,

Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button