Коронавирус

QR-код пандемия басталғалы қызметі тоқтап тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді

Елімізде адамның вирустың тасымалдаушысы болып табылатындығын немесе табылмайтынын анықтауға мүмкіндік беретін мобильдік қосымша іске қосылады. Ол ПТР ортақ базасымен интеграцияланады және QR-код арқылы жұмыс істейді. Пилоттық жоба Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы айда жобаға 55-тен аса кәсіпкер қатысуда.

«Платформада 8 мыңнан астам абонент тіркелді. Осы кәсіпкерлермен екі аптада жүргізілген жұмыстардың қорытындысын шығарып, басқа салада жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қосатынымызды зерделеп, зерттеп, бас санитарлық дәрігердің қарауына өз ұсынысымызды енгіземіз. Жоба өз жұмысын бастамаған кәсіпкерлерге ғана қатысты. Олардың саны 13 мыңнан асады. Бұл кәсіпорындар пандемия басталғалы тоқтап тұр. Олардың ішінде компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, банкет залдары бар», – деді Әбілшайықов.

Спикер базарлар, сауда орталықтары мен тұрғын үйдің жанындағы дүкендерге QR-код енгізу қажет емес екенін атап өтті.

ҚР ДСМ хабарлауынша, жоба келушілер мен қызметкерлер арасында індетті жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетіп, бизнес шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Басқа материалдар

Back to top button