Басты тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Протез жасап шығарды

Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары Қайсар ҚУАНЫШ пен Әлішер СМАҒҰЛОВ балаларға арналған қол протезін жасап шығарды.

Қол протезін жасаудағы идеяның авторы – қазақ-түрік лицейі физика пәнінің мұғалімі Алтынбек Қарабатыров. Ұстаз бұл туралы өз сөзінде: «Павлодар қаласынан Қарағандыға жұмыс ауыстырғанда бұл істі жалғастыруды шештім. Қазіргі таңда 3D принтер сатып алып, оқушылармен бірге протездер жасап жатырмыз. Протезді жасап шығару оңай. Алдымен, оқушылар бірінші үш өлшемді модельдің барлық тетігін салып алып, оны басып шығарады және жинайды. Жіпті тарту арқылы, протез бекітіледі. Бұлшық етке қозғалыс әкеледі. Бастапқы жағдайға әкелуге серіппе мүмкіндік жасайды. Негізі протездерді алғаш АҚШ-та өндірген болатын. Олар 5 мың доллар тұрады. Біздің протездер небары – 600 теңге. Тек, материалға қаржы жұмсаймыз», – деді.

Оның айтуынша, алғашқы протез лицейдің Павлодардағы бөлімшесіндегі 3D принтер арқылы жасалған. Оны саусақсыз туған Сашаға сыйлаған. Қазір Сашаның жағдайы жеңілдеп, ол велосипед теуіп жүр екен.

– Алдағы уақытта бастың ми бөлігінен белгі қабылдай алатын қол секілді протез қолдар ойлап табуды жоспарлап отыр. «Бүгінгі күні әрбір ми қуатын реттейтін арнайы сканерлер әзірленген. Оларды Штаттарда протездер жасау үшін қолданады. Біз де осындай сканер сатып алып, жобалау жұмыстарымен айналысуды жоспарлап отырмыз. Әлбетте, біз жасаған бұйымның құны төмен болады, – дейді А.Қарабатыров.

ҚТЛ ұжымы бұл жоба жастарды ғылымға бағыттайтынын айтады. Алдағы уақытта лицей оқушылары ұстаздарымен бірігіп Қарағандыда тұратын, небары екі саусағы бар балаға арнап қол протезін жасап шығармақ.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button