Бас тақырып

Президент құр ұрандатпай нақты жұмыс жасау қажеттігін айтты

Тәуелсіздік сарайында өткен  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысын қорытындылаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құр ұрандатпай нақты жұмыс жасау қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін өте жақсы пікір алмасу, жалпы әңгіме орын алды. Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің интеллектуалдық деңгейі  өте жоғары. Сондықтан бүгін өте тиімді, қызықты ұсыныстарды тыңдадық. Бұл ұсыныстарды жалпы мен қолдаймын. Келешекте амандық болса бәріміз бір ұжым болып іске асырамыз деп  ойлаймын. Біздің ең құнды мақсат-міндет, ұғым – бұл еліміз, мемлекеттілік. Бәріміз Отанымызды сүйеміз. Бірақ, жай ұрандар тастамай, нақты қадамдарымызды жасауымыз керек», – деді Қазақстан Президенті.

 

Басқа материалдар

Back to top button