Руханият

Перзент пейілі

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуіне үлес қосуға шақырды.

«Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деді Елбасы.

Президенттің үндеуін жаңаарқалықтар бір кісідей қабыл алды. Бүгінде аудан бойынша ел мерейін асырған жұмыстар қолға алынуда. Мәселен, Ералиев ауылындағы О.Әлібаев атындағы орта мектептің 1997 жылғы түлектері білім ошағының алдына субұрқақ орнатып берді. Үш қабатты ғимараттың ажарын аша түскен әсем субұрқақ бүлдіршіндер үшін, барша ауыл тұрғындары үшін толайым тарту болды. Бұл сыйлықты түлектер мектеп бітіргендеріне жиырма жыл толуына орай ұйымдастырды. Азаматтарға ауыл әкімшілігінің, ұстаздар қауымы мен оқушылардың ризалығы шексіз.

Гүлбақыт КӘРІБЕК,

О.Әлібаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button