Қоянды жәрмеңкесінің 170 жылдығы тойланады

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында халқымыздың шежіресі мен ұлттық құндылықтарды ел жадында жаңғыртудың маңыздылығына баса мән берді. 1848-1930 жылдары Қарқаралы, жалпы, Қарағанды өңірінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени өміріне ерекше серпін қосып, даму көшін ілгерілеткен Қоянды жәрмеңкесі екені сөзсіз. Міне, Орталық Қазақстан аумағында ең үлкен сауда орны болған осы Қоянды жәрмеңкесіне биыл 170 жыл толып отыр.

Мерейтойға орай, Қарқаралы ауданы көлемінде дайындық шаралары басталып, той өтетін күн ретінде 4 тамыз белгіленген еді. Мерейтойлық шаралар аудандағы Қоянды ауылында аталып өтіледі. Сондықтан, қазақ тарихына бейжай қарамайтын, «әр өңірдің тарихы – тұтас қазақ тарихының ажырамас бөлшегі» деп санайтын барша жұртты 4 тамызда Қоянды ауылында күтеміз.

Той шашбауын көтеріп, сыйлы қонақтар қатарынан орын алыңыздар!

 Ұйымдастыру алқасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.