Руханият

Отбасымызбен бірге оқимыз

   Отбасылық бірлікті ұрпаққа жалғастыруды насихаттау негізінде Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана-филиалы ұжымы дәстүрлі түрде Отбасы күнін атап өтті. «Отбасымен бірге оқимыз» атты оқырман отбасының бенефисі өткізілді. Іс-шараға кітапханаға бірнеше жыл қатарынан келіп жүрген отбасылық оқырмандар арнайы шақырылды.

Кітапханашы Бақытгүл Рысмағанбетова қатысушыларды осы айтулы мереке күнімен құтықтап, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат тілеп, әрбір адам үшін отбасының қаншалықты қымбат екенін атап өтті.

Келесі сөз кезегі кітапхана оқырмандары – зейнеткерлер Мұқышевтар отбасына берілді. Сейдуали аға мен Сақыпжамал апай және немересі Әліби кітапханада 2012 жылдан бері оқырман, бірнеше көптеген әдебиеттерді оқығандары жайлы, өздерінің бос уақыттарын үнемді өткізуге жайлы жер – кітапхананың барына ризашылықтарын айтты.

Кітапхана оқырмандары Тілеубек Қасымов, Мария Сапарова және Нұрғаим Шығымбаева қазақ классик жазушыларының әдебиеттерін, мерзімді басылымдарды сүйіп оқиды, көпшілік іс-шараларға белсене қатысады. Ақнұр Стамқұлова көп балалы ана, балаларымен кітапхананың тұрақты келушілері, әдебиеттерді сүйіп оқып, балаларын жастайынан кітап оқуға тартады. Нина Селенина зейнеткер, бұрын мектепте ұстаз болып еңбек еткен, кітапхана ашылғаннан бергі байырғы оқырманымыз романдарды, мерзімді басылымдарды жіберген емес, кітапханада өткізілетін іс-шараларға белсене қатысады. Кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарға шараға белсене қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Осындай іс-шара арқылы біздің кітапхананың «Оқымысты оқырмандардың» істерін кейінгі жастарға үлгі ретінде көрсетіп, отбасылық ынтымақ пен татулықты дәріптейміз. Тақырыптық кештің негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттап, кітап арқылы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу болды.

Ү.ҚАРАМАНОВА,

Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №8

кітапхана-филиалы меңгерушісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button