Шет ауданындағы №592 Құрылтай сайлау учаскесіне елдің бірлігі мен берекесін айғақтаған тағылымды көрініс болды. Ауылдың қадірлі қариясы, 1946 жылы туған Саят Байтөлеуов пен жұбайы, 1949 жылы туған Дәмелі Нұржанова сайлау учаскесіне отбасымүшелерімен бірге келді.

Өмірдің талай белесін бірге өткерген ақсақал мен ақ жаулықты ана бұл күннің ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Ұрпақтарының ортасында дауыс берген үлкендер жас буынға азаматтық жауапкершіліктің, елдік пен бірліктің өнегесін көрсетті.
Саят ақсақал ақ батасын беріп, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын, мемлекетіміздің мерейі үстем болуын тіледі.
«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бірлігімізбекем болып, болашағымыз жарқын болғай!» дегенақ тілегін жеткізді.
Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»
Шет ауданы



