Руханият

Отбасы құндылығынан – отандық рухқа

Қыркүйектің екінші жексенбісін еліміздің «Отбасы күні» деп жария еттік. Шаңырағымызды ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе көтерер «ар ұя» еттік. Қазақстандай Отанымыз іргелі, көп елден ілгері, ал әрбір Отбасы – алтын діңгегіне айналды.

Қасым ақынның «Отбасы – шағын мемлекет. Мен – президент, сен – премьер» дегені өмір азығымыз. Елдігімізді мықтап, қадамымызды нықтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мемлекет отбасыдан басталады. Сол себепті де біздің қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуда маңызы зор» деген сөзі адастырмас темірқазығымыз. Тектілігімізді жат жұрт жазбай таныды, бектік бесігімізден дарыды. Он үшімізде отаудың иесіне айналдық, он бесімізде шар болаттай қайралдық. Атадан – бата, Әженің сыйын алдық. Әкеден – ақыл, Анадан – мейір алдық. Аға – алтын тонның жағасы, Іні – ноқтаның алтын сағасы, бірлігі ажырамас елдің баласына баландық. Әпке – ардың иесі, Қарындас – туыстықтың киесі болды. Жезде – әке мәртебесін арқалады, Күйеу – жиенге теңесті. Келін – ененің ізбасары болып, ел анасымен кеңесті. Шаңырағымыз шаттықпен көтерілді, керегеміз кемелдікпен кеңейіп, босағамыз бірлікпен бекіді. Атағымыз алты құрлыққа тарады, халқымызда бейбіт те берекелі тұрмыстың негіз қаланды. Тәубе! Бұл қастерлі күнімізді отбасы тәрбиесіндегі ғасырлар бойы өзінің қалыптасқан қалпымен қаймағы бұзылмай, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп, осы дәуірімізге жеткен қасиет санадық.

Отбасы күні құтты болсын!

Нұрдос КӘРІМ

(Сурет ғаламтордан алынды).

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button