Ресми

Отандық тауар өндірушілерді қолдау – міндет

Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында, оның ішінде, оларды өткізуді орталықтандыру арқылы отандық бизнестің толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз ету, тиімділік пен ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету мақсатында заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысындағы ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының 2020 жылғы есебін ұсынып отырмыз.

Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2020 жылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін регламенттейтін заңнамаға инвестициялық тартымдылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын өзгерту шеңберінде енгізілген жаңа енгізілімдердің бірі әлеуетті жеткізушілерге жаңа сипаттаушы белгілерді енгізу болып табылады.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі өзгертілді. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талабы:

1) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тауарларды;

2) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, жұмыстарды;

3) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады.

Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды:

1) кірістер;

2) төленген салықтар;

3) негізгі құралдар;

4) еңбекақы төлеу қоры.

Бұл деректер әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде жеңімпазды айқындау үшін төленген салықтардың көрсеткіші түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарға сәйкестікке пайдаланылады.

Әлеуетті жеткізушіні анықтауға осындай тәсілді қолдану барлық қатысушылардың әділдігі мен теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Енді шартты бағалар тең болған жағдайда, шағын компаниялар салық жүктемесінің көрсеткіші бойынша ірі компаниялармен бәсекелесе алады, бұл оларды салықтарды адал төлеуге ынталандырады.

Мемлекеттік сатып алуды оңайландырып өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қолданыстағы қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Бұйрығы) 31.01.2020 жылы тауарлардың электрондық каталогы ұғымы енгізілді, ол интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналастырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйені білдіреді.

Каталог Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен біріктірілген www.goszakup.gov.kz мемлекеттік мекемелердің құны 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды жедел сатып алуы үшін электрондық алаң болып табылады.

Бұл өзгеріс мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік сатып алу жөніндегі қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер Қазақстанның Мемлекеттік сатып алу жүйесінің заңнама деңгейінде елеулі өзгерістерге ұшырайтынын дәлелдейді және Үкіметтің осы жүйені жаңғыртуға деген бұлжымас ұмтылысын көрсетеді.

Бұдан әрі заңнама жетілдірілетін болады және Мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген бағыттар бойынша жаңғыртылатын болады.

Қарағанды облысы бойынша 2020 жылы 258 млрд.теңге сомасында 3 520 конкурс (аукцион) өткізілді, оның ішінде Мемлекеттік сатып алу басқармасы бірыңғай ұйымдастырушы ретінде өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының жалпы көлемнің 70% өткізді (181,5 млрд. теңге сомасындағы 384 конкурс).

Өткен жылмен салыстырғанда сатып алулар саны екі есеге артты.

Сатып алудағы бәсекелестікті кеңейту арқылы, яғни, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды қысқартудың арқасында 2020 жылы өткізілген сатып алудан үнемдеу 26,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастырған мемлекеттік сатып алу бойынша – 13,9 млрд. теңгені құрады.

Өткен жылдардың тәжірибесі бәсекелестік орта құру үнемдеу үлесін арттыратынын көрсетеді. Орташа алғанда, бұл бір көзден сатып алуларға қарағанда 4-5 есе көп.

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында отандық тауар өндірушілерді қолдау және мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтуды ұлғайту міндеті қойылғанын атап өткім келеді.

Өткен жылмен салыстырғанда біздің өңірде жергілікті қамту үлесі 2 есеге артты. Бұл облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, қала/аудан әкімдіктерінің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізген тамаша нәтиже.

Егер әрбір саланы жеке қарастыратын болсақ, жыл ішіндегі сандық көрсеткіштер былайша түзілді. Мысалы:

– жиһаз өнеркәсібі бойынша жергілікті қамтудың үлесі – 87,1% немесе 573 млн. теңге;

– жеңіл өнеркәсіп бойынша – 83,7% немесе 2 млрд. 218 млн. теңге;

– құрылыс материалдары бойынша – 91,5% немесе 374 млн. теңге;

– тамақ өнеркәсібі – 83,5% немесе 1 млрд. 906 млн. теңге;

– машина жасау бойынша – 60,6% немесе 6 млрд. 521 млн. теңге;

– химия өнеркәсібі – 54,6% немесе 1 млрд.876 млн. теңгені құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыс Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі белгілеген 2020 жылға арналған жылдық нысаналы индикаторларды орындады.

Деректердің дұрыстығы есептілікті жинау процесін автоматтандыру есебінен қамтамасыз етілді.

ҚР Премьер-Министрінің 27.03.2020ж. өкіміне сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасын» іске асыру шарттарының бірі өндірушілерден инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемінің отандық тауарлар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда кемінде 90% қамтамасыз ету болып табылады. Қарағанды облысы осы өкімді толық орындады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру аясында жалпы облыс бойынша жергілікті қамтудың үлесі 91,3%-ды құрды.

Жалпы 20,3 млрд. теңге сомасындағы материалдарды сатып алу фактісі бойынша жергілікті қамту сомасы 18,5 млрд. теңгені құрды. 2020 жылы жалпы сомасы 64 млрд. теңге көлемінде 624 конкурс өткізілді. Бұл үрдіс отандық тауар өндірушілерді қолдауға оң әсерін тигізді.

Басқарма тарапынан тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу процесін заңнамалық реттеу мәселелері бойынша талдау жүргізу жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заңнаманы жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жасалып отырады.

2021 жылы Мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, аудандардың/ қалалардың және квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алуға талдау ұйымдастыруына және жүргізуіне, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту жолымен отандық тауар өндірушілерді қолдауға және 2021 жылға белгіленген нысаналы индикаторларды орындауға бағытталатын болады.

Қорытындылай келе, біздің басқарма әрдайым ашық және Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қажетті кеңес беруге дайын екенін атап өткім келеді.

Нұрлан ӘЛІМЖАНОВ,

Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button