ОТАНДЫҚ кәсіпкерлер қажет
Қазақстанда аса ірі мұнай компаниясының қатысуымен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы іске қосылды.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің мәселесі, тауарлар мен қызметтер сапасын халықаралық стандарттар анықтайтын бәсекелестік ортада жұмыс жасай алмайтындығы болып табылады. Соның салдарынан жеке сектордың бизнес-белсенділігі мемлекеттік қолдауларға қарамастан, баяулап, нәтижелілігі төмендеуде. Кез келген елде дәл осы шағын және орта бизнес ұлттық экономика үшін тіреу бола алады емес пе?!
Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – Теңіз (Атырау облысы) – алып мұнай газы кен орнының өңдеушісі мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету бойынша қайта құру және даму Еуропалық банкінің (ҚДЕБ) бірлескен екіжылдық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама қазақстандық бизнестің бұдан да жоғарғы даму деңгейіне өтуге, жан-жақты ойлануға, басқарудың жаңа мәдениетін меңгеруге септігін тигізеді. 2015 жылдың қазан айында іске қосылған бұл бастаманың уақытаралық нәтижелері, отандық бизнестің алдында бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктердің ашылуына куәлік етеді – олар сан түрлі салада жұмыс атқаратын, олардың қаржы көздеріне, жаңа жобаларға, тіпті тұтас базаларға қолжетімділігін жақсартудағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектінің потенциялын нығайтумен негізділеді.
Берілген бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін, ҚДЕБ келісіміне сәйкес ТШО 500 мың АҚШ долларын бөлген, бұл бағдарлама мұнай-газды жобаларға әрекеттегі және потенциялды тауар, жұмыс, қызмет жеткізушілердің барынша көп жұмылдыруына септігін тигізеді. ТШО-ның жергілікті жеткізушілермен серіктестігінің белсенді болуы дәл қазір, яғни, Теңізде кезекті масштабты құрылыс басталып, Болашақтағы кеңейтілу жобасы іске асырылған кезде аса өзекті, осы Жобаның арқасында мұнай өндіру көлемі 12 млн. тоннаға, яғни, жылына 37 млн. тоннаға дейін өседі, бұл еліміздің экономикасының тұрақты өсуіне қамтамасыз ететін, қазақстандық мұнай-газдық сала үшін аса әсерлі сан. Бүгінгі таңда ТШО Қазақстандағы жергілікті тауар, жұмыс және қызметтердің ең ірі тұтынушыларының бірі болып табылады. Компанияның мәліметтері бойынша, мысалы тек 2016 жылы Болашақтағы кеңейтілу жобасы аясында 730 млн. АҚШ долларын есепке ала отырып, 1,9 млн. АҚШ долларына қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алды. 1993-2016 ж.ж. аралығында бұл көрсеткіш 22 млрд. АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар, компания әркез жергілікті жеткізушілермен серіктестікті кеңейтеді, ал олардың әлемдік деңгейге сәйкестігі ТШО-ның тұрақты өсуіндегі басты фактор болып табылады. Компанияға сапалы тауар және қызмет жеткізушілер, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау техникасы бойынша жоғарғы көрсеткіштерді, қазақстандық құрамның тұрақты өсуі мен дамуына ұмтылуды, инновациялық бизнес-шешімдерді көрсетуі тиіс. Теңізде жаңа ғаламат құрылыстың бөлігі болу мүмкіндігі отандық бизнес алдында азық-түлік өнімдерін және құрылыс материалдары мен металл құрастырылымын өндіру және жеткізуден бастап, ІТ – технологиясымен көлік және курьерлік қызметтер ұсынуға дейінгі барлық бағыттар бойынша үлкен жол ашады.
ТШО және ҚДЕБ-ның бірлескен бастамалары аясында жергілікті кеңесшілер мен халықаралық сарапшыларды тарту, әртүрлі тақырыптағы бизнес тренингтер мен семинарларға қатысу, бизнес процестерді оңтайландыру, шұғыл және сапалы басқару, қаржы мен бағаны басқару және т.б. арқылы кәсіпкерлерге өз мүмкіндіктерін ұлғайтуды ұсынады. Бағдарламаға қатысу кәсіпкерлердің стратегиядан бастап кадрлар мен сапаны басқаруға дейінгі кеңейтілген сұрақтар бойынша өз компаниясын басқаруға септігін тигізеді.
Бағдарламаның қатысушылары кеңесшілердің қызметін өз бетімен төлейді. Сонымен бірге ҚДЕБ бағдарлама талаптарына сай компаниялардың консультациялық жоба құнының орташа 50 пайызын қайтарады, яғни, кеңестер мен оқытуларға жұмсалған шығынды кәсіпкерлермен бөлісіп өтейді, ол маңызды критерий болып табылады.
ҚДЕБ ақпараты бойынша, бүгінгі таңда бағдарлама аясында, ірі мұнай-газды компанияларға өз өнімдері мен қызметтерін ұсынатын қазақстандық 15 кәсіпорын менеджмент, өнім және қызмет сапасын көтеріп, есеп жүйесін, бизнес процестерін автоматтандырып, қаржы басқаруды оңтайландырып, берекелі өндіріс философиясын ұғынып, өндірісті автоматтандырып, жаңа жабдықты іске қосып үлгерді.
Осындай серіктестіктердің бірі «ЭМИ Павлодар зауыты» ЖШС электромонтаждық бұйымдар өндірушісі болып табылады (Павлодар қаласы). Бұл кәсіпорын электротехникалық жабдықтарды, аппаратура және аварияға қарсы қорғау мен дабыл қағушының бақылау жүйелерін, сондай-ақ, электрлік станциялар мен аралық станциялар құрылысы мен күрделі жөндеуі үшін шағын механизация құралдарын дайындаумен мамандандырылған, 2005 жылы халықаралық ISO 9001:2000 сапа жүйесі бойынша сертификатталды. Ал жақында, ТШО-ның қолдауымен «ЭМИ Павлодар зауытына» менеджменттің біріктірілген жүйесін ұғындыру бойынша (СМК) көмек көрсетілді, ол жоғарғы сападағы қызметке, процестердің тұрақты түрде жетілдірілуіне және ұйымдық құрылымның оңтайландырылуына кепіл болады. Кеңес уақытында бастау алған бұл зауыт, қазіргі таңда тапсырыс санының өсуінде, жаңа бұйымдарды өңдеу және жұмыскерлер штатын көбейтуде төмен нәтижелі басқару жүйесімен бетпе-бет келді. Бөлімшелердің өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда, жауапкершілікті бөлуде, өз кезегінде өнім сапасына және тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасқа теріс әсер еткен құжаттарды өткізу және сақтауда мәселелер туындады. Жобаның жүзеге асырылу барысында «Компания Мастер-Класс» ЖШС-нің білікті кеңесшісі ішкі аудит өткізіп, жұмыскерлерді кәсіпорында енгізілген стандарт бойынша сапа менеджментінің CT PK BCJ 9001-2015, CT PK ИСО 14001:2006, СТ РК OHSAS 18001-2008 жүйесімен жұмыс істеуді оқытты. Жоба есепті жақсартуға, жауапкершілікті нақты етіп бөлуге, лауазымдық міндеттер мен еңбекақысын төлеу жүйесін, өндіріс пен қаржы шығындарын оңтайландыруға бағытталған. Берілген өзгерістер өндіріс процестеріне және өндірілетін өнім сапасын жақсартуға зор әсерін тигізді, сөйте тұра, компанияның табыстылығын көтерді. Ішкі процестерді жақсартудың сыртында, сертификаттау, зауыттың бәсекеге қабілеттілігін көтеріп, тендерлерге қатысу үшін қажетті артықшылықтар берді.
Бағдарлама қатысушыларының айтуынша, әртүрлі кәсіпорындарды, әртүрлі даму деңгейіндегі сыртқы сарапшылар мен кеңесшілерді жұмылдыру арқылы, олардың бизнесі шоғырландырылған тәжірибе, ең үздік білім мен олардың бизнес-процестеріне тәуелсіз, әрі бейтарап баға алады. Осының бәрі олардың бизнесінің өсуіне және Қазақстандағы халықаралық серіктестерге шығуға септігін тигізеді.
«Теңізшевройл» компаниясының бағдарламаны қолдауы – біздің, қазақстандық кәсіпорындарға олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында, жергілікті және халықаралық үздік басқарма тәжірибелерін қолдану арқылы көмек беру идеясына тұрақты түрде ұмтылуымызды көрсетеді», – деп атап өтті ҚДЕБ жобасының менеджері Алма Касымова. «Қазақстандағы шағын және орта бизнес қарқынды дамуда сондықтан, да кәсіпкерлер, олар үшін жаңа мүмкіншіліктер ашатын бағдарламаның мүмкіндіктері туралы білгені өте маңызды. Дәл осындай қолдаудың арқасында, біз, жуық арада отандық кәсіпкерлік деңгейін көтере аламыз, соңында бұл жағдай ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің салымын айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді».
Қарағанды облысының кәсіпкерлер басқармасы