Теміртау

Отан қорғаушыға ілтипат

Теміртау қаласының әкімі Қайрат БЕГІМОВ Отан қорғаушылар күні қарсаңында құқық қорғау органының бірнеше қызметкерлерін арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Аталмыш мереке қарсаңында қала әкімі табысты еңбегі үшін, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан 25 азаматты қабылдады. Олардың қатарында прокуратура өкілдері, полицей және әскери қызметкерлер бар. Айта кетейік, марапаттау салтанаты карантин талаптарына сәйкес екі кезеңмен өткізілді.

Отан қорғаушылар күнін Жеңіс күнімен бірге атап өтеміз. Осы күнге дейін жеткен жетістігіміз қан майданда ерлік көрсеткен бабаларымыздың арқасы. Бүгінде Қазақстан сарбаздары батырлардың даңқты жолын жалғастыруда. Ел тыныштығы үшін барын салып жүрген ел әскерлеріне алғыс айтамын, – деді қала әкімі Қайрат Бегімов.

Қала әкімінің Алғыс хатын алғандардың қатарында №55524 әскери бөлімінде радиология және химиябиология қызметінің басшысы Марат Мұстапаев та бар. Осы салада қызмет істеп жүргеніне 10 жылдан асыпты.

Мереке қарсаңында арнайы шақырып, құттықтап жатқан қала әкімшілігіне алғыс білдіремін. Осы салада жүргендерге үлкен жетістік тілеймін. «Ер жігіт елі үшін туады, жері үшін өледі» дейді. Ел тыныштығын сақтап, Тәуелсіздіктің жалауын жықпай келешек ұрпаққа аманаттау – біздің міндет, – дейді Марат Абдықалықұлы. Өз тілшімізден.

Ербол ЕРБОЛАТ.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button