Жаңалықтар

Қос клуб – ЖХЛ-да

Алдағы маусымда Жоғарғы хоккей лигасында ойнайтын клубтар тізімі нақтыланды. Қатысушылар сапында қарағандылық «Сарыарқа» да бар.

Тізімге барлығы 27 клуб енгізілді.

Чемпионатқа бірнеше клуб алғаш рет қатыспақ. Яғни, ресейлік «Горняк» (Учалы), «Металлург» (Новокузнецк), ЦСК ВВС (Самара), қытайлық «Куньлунь Ред Стар Хэйлунцзян» (Харбин) және «Цен Тоу» (Цзилинь) биылғы маусымда бірінші мәрте күш сынап көрмек.

Сондай-ақ, былтыр лигада болып, биыл тыс қалған командалар да анықталды. Бұлар – «Ариада-НХ» (Волжск), «Динамо» (Балашиха), «Кристалл» (Саратов) және «ТХК» (Тверь).

Аталған лигада бәйгеге түсетін қазақстандық команда – екеу. Олардың бірі – өзіміздің «Сарыарқа» болса, екіншісі – өскемендік «Торпедо». Өткен маусымда жоғары көрсеткіштермен көзге түсе білген қос команда лигада ел намысын қорғайтын болады.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button