Жаңалықтар

«Орталықтың» олжасы

     Фото КамбарГазеттің әр номері – бір тарих қой!

«Орталықтың» өткен саны баспаға жіберіліп жатқанда Қарағандыға тағы бір сүйіншілі хабар жетті. Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі Қамбар АХМЕТОВ «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Шын қуандық. Олжа! Себебі, Қамекең – «Орталықтың» түлегі!

Сүйіншілі хабарды жазу менің қаламыма бұйырды. Жақсы ырымға баладым!

Қамбар Ахметовті Балқаш қаласынан танимын. Мектепте оқып жүргенде түрлі іс-шараларға қатыстық. Қамекең – қазылар алқасында, кейде хабар жазу үшін келеді. Әйтеуір, сыртынан қарап, бой түзедік. Тәубе, қалам ұстау – маңдайға жазылыпты!

«Орталық» – облыстың түпкір-түпкіріне тарайтын қазақтілді жалғыз басылым.

Қамбар Жұмағалиұлы да – осы мектептің түлегі! Басшымыз Мәкең – Мағауия Сембаевтың тәлімін алған. Еңбек жолын Балқаш қаласындағы «Балқаш өңірі» газетінен бастаған. Біз де сол ізбен келеміз.

Мен үшін Қамекеңнің бір қаралық сөзі бар. Кезінде «Орталыққа» келерде қоңырау шалып, ақыл сұрағам. «Ел іші – үлкен мектеп қой! Тарт, «Орталыққа» – деді. Жаңылысқам жоқ.

Қамеке, жүлде құтты болсын!

Адал еңбек – абыройға жетелейді!

Бұл – «Орталықтың» олжасы!

Қуаныш Аманқұлов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button