Жаңалықтар

Орталық – оң нәтиже беруде

    Бас прокуратураның «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру аясында Сәтбаев қаласы прокуратурасының бастамасымен сот орындаушылармен бірлесе отырып, «Балам» алименттік орталығы құрылды. Орталық құрамында прокуратура қызметкерлері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары бар.

Орталық алименттік міндеттемелер бойынша сот шешімін орындайтын мамандандырылған жеке сот орындаушысының кеңсесінде орналасқан.

Негізгі мақсаты – өндіріп алушыларға құқықтық көмек көрсету, борышкерлерден алимент өндіруден туындаған мәселелерді жою, көрсетілген  санаттың сот актісін нақты іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау болып табылады.

Орталық құрылғаннан бері 37 азамат (өндіріп алушы) қабылданып, оларға алимент өндіру бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Өндіріп алушыны қабылдау кезінде Орталықта атқарушылық іс жүргізу зерделенеді. Нақты іс жүргізу бойынша атқарушылық әрекеттердің толық жүргізілгені тексеріледі. Сот актісін орындауға бағытталған қосымша шаралар қарастырылады. Сондай-ақ, борышкермен жұмыс жүргізіледі.

Орталықтың жұмысы алименттік міндеттемелерді орындау бойынша прокуратураға келіп түскен шағымдар санының азаюына әсер етті. Сөйтіп, азаю – 50%-ды құрады.

Нәтижесінде, «Балам» алименттік орталығы алимент өндіру жөніндегі сот актілері бойынша мәселелерді шешуге арналған ашық алаңға айналды.

Қарағанды облыстық

прокуратурасының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button