Ресми

Онлайн режимдегі спорт

Коронавирустық пандемия спортқа айтарлықтай әсер етті. Бірақ, ұзақ уақыт бойы жарыстар, оқу-жаттығу жиындары және басқа да іс-шаралар өткізілмегеніне қарамастан, жұмыс тоқтаған жоқ, ол түбегейлі өзгеріп, жаңа форматта – қашықтан, онлайн режимде жүргізілді.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы осындай ерекше жағдайларға қарамастан, қарқынды түрде жұмысын жалғастырды. Осылайша, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 1000 адамға шаққанда облыс бойынша орта есеппен 59% – ды құрайды (2021 жылға жоспар 60%). Спортпен айналысуға жұмылдырылған өңір тұрғындарының саны 30,5% немесе 419 658 адам (2021 жылға жоспар 30,7% немесе 422 400 адам).

Қарағанды облысында 22 балалар клубы, 109 балалар-жасөспірімдер клубы, жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары (4 917 адам), 109 аула клубтары (12422 балалар мен жасөспірімдер), жалпы білім беретін мектептерде 2 337 спорт секциялары (79 533 бала), колледждерде 431 секция (16 437 студент), жоғары оқу орындарында 126 спорт секциясы (13 201 студент) жұмыс істейді. Сонымен қатар, өңірде 45 спорт мектебі жұмыс істейді, онда 32 896 бала мен жасөспірім тегін жаттығады. Сонымен қатар, қалалар мен аудандарда орналасқан 17 мамандандырылмаған БЖСМ облыстық деңгейге берілді. Өңірдегі спорт секцияларына қатысатын балалар мен жасөспірімдер саны 146 015 адамды немесе пайызға шаққанда 62,7%-ды құрайды.

Халықты белсенді, салауатты өмір салтын ұстануға жұмылдыруда балалар және ересектермен қатар ауылдық жерлерде жұмысты ұйымдастыратын нұсқаушылар маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда облыстағы нұсқаушылар саны – 271 адамды құраса, ауылдар мен кенттерде – 78 маманды құрайды. 2019 жылы ауылдық жерлерде жұмысты ұйымдастыру үшін 50 спорт нұсқаушысынан тұратын штат құрылды. 2020 жылы мұндай мамандардың саны тағы 60 адамға артты. Сонымен қатар, аудандық, ауылдық спорт мектептерінің облыстық деңгейге көшуіне байланысты 2021 жылы олардың әрқайсында ұлттық және ат спортының секциялары ашылады.

Өткен жылы облыста 2 795 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оған 147 мыңнан астам адам қатысты (ауылдық жерлерде 38 660 азаматты жұмылдыра отырып, 529 адам қатысты). Карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен кейін жұмыс онлайн форматта жүргізілді. 2020 жылдың 19 наурызынан бастап Басқарма спортпен шұғылдануға шақыратын «Антивирус» челленджін ұйымдастырды. Спорт мектептерінің отыз мыңнан астам оқушылары жаттығуды одан әрі жалғастырып, жаңа жағдайда үйрене отырып, жаттығу жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Спортшылардың есептік бейнелерінен дене шынықтыру сабақтарын насихаттау мақсатында бейнероликтер жасалған болатын. Олар басқарманың әлеуметтік парақшасында басқа да әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды. Бұл аталмыш акция үлкен қолдауға ие болып қана қоймай, БАҚ-та кеңінен таралғанын атап өткен жөн.

Осы жоба аясында спортты дамыту, үй жағдайында және таза ауада тыныс алу гимнастикасын жасауды насихаттау мақсатында жетекші спортшылармен бірлесіп бейнероликтер түсірілді. Сонымен қатар, облыстық «Сарыарқа» телеарнасында бірлесіп жүзеге асқан «Гимнастика» атты жоба жарық көрді. Бағдарлама жұмыс күндері таңертең және күндізгі уақытта шығып отырды, онда біздің жетекші спортшыларымыз сұхбат беріп, халықтың әртүрлі санаттары үшін жаттығулар жасады. Жансай Смағұлов, Бейімбет Канжанов, апалы-сіңілі Немичтер, Милана Сафронова және тағы да басқа Қарағандының жетекші спортшыларымен әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер ұйымдастырылды. Қарағанды өңірінің спортшылары мен жаттықтырушылары Жеңістің 75 жылдығына арналған республикалық челленджді қолдап, оған белсенді қатысты.

Цифрлық технологияларды қолдану арқылы 10 қазанда «QARAGANDY MARATHON 2020» халықаралық онлайн марафоны өтті.

Алғаш рет спорттың тоғыз түрінен қалалар мен аудандар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Saryarka» онлайн спартакиадасы өткізілді. Оған 5 000-ға жуық адам қатысты, бұл Қазақстанда қашықтық режимінде ұйымдастырылған жарыстар арасындағы үздігі болды. Жалпы карантиндік шектеулер кезінде барлық санитарлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып, онлайн-форматта 371 спорттық турнир өтті, оған 18 564 адам қатысты (оның ішінде ауылдық жерлерде 7 630 адамды жұмылдыра отырып, 173 турнир өтті). Спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен нұсқаушылары «AulaFit» республикалық бағдарламасын белсенді қолдады. Олар қалалар мен ауылдардың аула және мектеп жанындағы аумақтарында 297 іс-шара өткізді, оған 5 460 балалар мен ересектер қатысты.

Жоғары жетістіктер спорты – ДШжСБ жұмысындағы басты бағыттардың бірі. Бүгінгі таңда облыста спорттың 100-ге жуық түрі дамуда, оның 44-і олимпиадалық спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына Қарағанды өңірінің 1 471 спортшысы мүше. 2020 жылы облыстың 13 828 өкілі түрлі деңгейдегі 343 жарыстарға қатысты (62 облыстық, 189 республикалық, 92 халықаралық) және 4 665 медаль (1 464 алтын, 1 403 күміс, 1 798 қола) жеңіп алды. Жыл басынан бері өңір аумағында 45 жарыс, оның ішінде 18 Қазақстан Республикасының чемпионаттары, 18 республикалық және 9 халықаралық турнирлер өткізілді.

Карантин жарияланғанға дейін қарағандылық спортшылар халықаралық ареналарда да ерекше көзге түсіп үлгерді. Ақпан айында Ташкентте өткен ауыр атлетикадан Азия чемпиона тында Артем Антропов жеңімпаз атанды, грекрим күресінен Азия чемпионатында Ибрагим Магомадов күміс медаль жеңіп алды, әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова екінші орын алды, ал Илисхан Чилаев еркін күрестен қола жүлдені қанжығасына байлады.

2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында дзюдо, бокс, күрес және жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаттары өткізілді, онда біздің спортшылар 7 алтын, 7 күміс және 9 қола медальды қанжығаларына байлады. Әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова мен Валерия Гончарова, грек-рим күресінен Ерұлан Искаков, бокстан Абылайхан Жүсіпов, әйелдер күресінен Милана Сафронова, дзюдодан Жансай Смағұлов пен Ислам Бозбаев чемпион атанды.

Бүгінгі таңда қарағандылық төрт спортшы Токио Олимпиадасына қатысуға лицензия жеңіп алды. Олар Абылайхан Жүсіпов (бокс, 69 кг), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі,76 кг), сондай-ақ апалы-сіңлілі Александра мен Екатерина Немичтер (мәнерлеп жүзу).

Паралимпиада ойындарына қатысуға біздің 5 жерлесіміз квотаға ие болды: жүзуден Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев, Алия Рахимбекова, винтовка атудан Айдос Жылқышинов, жеңіл атлетикадан – Дастан Мұқашбеков.

Сонымен қатар, облыстың 11 үздік спортшысы спорттың 7 түрі бойынша 4 жылдық негізгі жарысқа қатысуға лицензия алу үшін қарқынды дайындалуда. Олар: дзюдодан Ислам Бозбаев, Жансай Смағұлов, грек-рим күресінен Ерұлан Искаков, батутта секіруден Данил Мусабаев, академиялық есуден Светлана Германович, Виталий Васильев, Михаил Таскин, байдарка мен каноэда есуден Дарья Разумович, жеңіл атлетикадан Рима Кашафутдинова, Давид Ефремов, үстел теннисінен Зауреш Ақашева.

Өңір басшылығы өз тарапынан жетекші спортшыларды қолдап, олардың жаңа жеңістері үшін барлық жағдай жасауда. Осылайша, 2020 жылы чемпиондарға шәкіртақыны екі-үш есе көбейту туралы шешім қабылданды. Шәкіртақыны алушылар саны 104-тен 165 адамға дейін өсті.

Әрине, халықты спортқа жұмылдыруға әсер ететін маңызды факторлардың бірі – спорттық инфрақұрылымның дамуы мен оның қолжетімділігі болып табылады. Бүгінгі күні Қарағанды облысында 3 155 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 1 230-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Қалалар мен аудандарда жыл сайын хоккей және спорт алаңдары ашылады. Бүгінгі күні облыста 333 жасанды жабындысы бар спорт алаңдары, 262 көпсалалы хоккей корты және 34 стрит-воркаут алаңдары (2020 жылы 44 спорт алаңы, 17 хоккей алаңы, 12 Стрит – Воркаут алаңы орнатылды) бар.

Спорт нысандарының құрылысы бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізілуде. 2020 жылы мемлекет есебінен Қарқаралы қаласында 320 орындық ДСК пайдалануға берілді (689,7 млн.тг.) және демеушілер есебінен Теміртауда дәл сондай кешен салынып, қолданысқа берілді (526 млн.тг.).

Сонымен қатар, республикалық федерациялардың қаражаты есебінен Қарағандыда Saryarka үстел теннисі орталығы мен «Теннис» орталығы салынды. Мемлекет басшысы 2020 жылдың қараша айында Қарағанды облысына жасаған сапары барысында халықаралық деңгейге толық сай келетін бұл спорт нысандарын жоғары бағалады.

Айта кетейік, осындай мемлекеттік бағдарламалар өңірдегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға оң әсерін тигізіп жатыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 6 нысанның құрылысына қаражат бөлінді:

1. Шахтинск қаласында 160 адамдық бассейні бар ДШСК;

2. Жезқазған қаласында 320 адамдық бассейні бар ДШСК;

3. Ұлытау ауданы Қарсақпай ауылындағы 100 адамдық ДШСК;

4. Ұлытау ауданының Жезді кентіндегі 160 адамдық ДШСК;

5. Жаңаарқа ауданы, Атасу кентіндегі бассейні;

6. Нұра ауданының Нұра ауылындағы бассейні.

Сонымен қатар, 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 14 жобаға бір миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Шаңғы базасы жөнделіп, қысқы спорт түрлері мектебінің роликодромына қайта жөндеу жүргізілді және бұл Қазақстан бойынша жалғыз акрил жабынымен қапталған роликодром. «Қарағанды-Арена» мұз сарайында канадалық алаң орнатылып, кіре берістегі баспалдақтары мен шатыр ретке келтірілді. Ғимараттарды, футбол алаңдарын, шатырларды, жүгіру жолдарын, киім шешетін бөлмелер мен душ бөлмелерін, жылу, инженерлік, су құбыры желілерін, пандустарды жөндеу және басқа да көптеген жұмыстар 12 спорт мектебінде, соның ішінде Жезқазған, Саран және Теміртауда жүргізілді. Айта кетейік, «Теміртау қаласының ескек спорты бойынша МБЖОРМ» КММ-де жөндеу жұмыстарынан бөлек, жағалық сызықтары да қайта жөнделді, оны жаттықтырушылар мен спортшылар 60 жыл бойы күтті. Осы дайындық базасында төрт Street Workout алаңы, ауданы 360 шаршы метрді құрайтын жаңа эллинг орнатылды. Тек дене шынықтыру және спорт басқармасының жобаларын жүзеге асыруға 272 адам жұмылдырылды, оның 144-і жұмыспен қамту орталықтарынан жіберілді. «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасына» қатысқан облыстың барлық спорт ұйымдары қойылған міндеттерді сәтті орындады.

Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде 320 орындық спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бюджеттен тыс қаражат есебінен Қарағанды қаласында спорттық-сауықтыру кешені мен триатлон паркі салынуда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Қарағанды облысының ДШжСБ жаңа жағдайда осы бағытта белсенді жұмысын жалғастырады. Қазіргі уақытта спортшылардың жаттығуына рұқсат етілді, барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, спорт кешендері мен бассейндер өз жұмысын бастады. Облыстық және аудандық жарыстарды өткізуге әлі де болса рұқсат берілген жоқ, бірақ олар міндетті түрде онлайн режимде жалғасады. 2021 жылға елуге жуық ауқымды спорттық іс-шаралар жоспарланған, оған әр түрлі жастағы облыс тұрғындары қашықтан қатыса алады.

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Біздің мақсатымыз – әрбір қала мен ауылдық жерлерде тұратын балалардың, жастар мен ересек адамдардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына жағдай жасау. Әрине, бұл мақсатттарды жүзеге асыру міндеті жалғаса бермек.

Темірхан АБЫЛАЕВ,

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button