Спорт

Қола жүлде қоржынға түсе ме?

Хоккейден ел чемпионатының аяталуына санаулы күндер қалды. Ал, қарағандылық «Сарыарқа» финалдық ойын үшін өткен тартыста көкшетаулық «Арлан» клубынан жеңіліп қалған еді. Енді жерлестер ел чемпионатының жүлделі ІІІ орыны үшін «Ақтөбе» хоккей клубымен кездеседі.  

Сурет: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

 «Ақтөбе» хоккей клубы финал үшін өткен матчта «Номад Астана» клубына есе жіберген болатын. Осылайша, қос команда ІІІ орынды сарапқа салады. Екі команда арасында үш ойын өтеді.

«Ақтөбе» мен «Сарыарқа» клубтары арасындағы өткен ойындарына көз жүгіртсек, жерлестердің басым екендігін көруге болады. Қос команда былтыр ел чемпионатында төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жерлестер жеңіске жеткен.

Айта кетейік, командалар арасындағы тартысты ойындар 5, 6 және 9 сәуір күндері өтеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button