Жаңалықтар

Қола медаль – Сашада

      Теміртаулық каратэші Александр ТРОНЯГИН Румынияда өткен әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды.

Турнирде жаһанның қырықтан астам елінен келген мықтылар күш сынасты. Саша үш жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті.

Облыстық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Вадим Басиннің айтуынша, бұл екінің бірінің қолы жете бермейтін жетістік.

Турнирге 600-ге жуық спортшы қатысты. Сашаның іріктеу кезеңдеріндегі қарсыластарының өзі осал емес еді. Бұл – біздің клубымыз үшін үлкен нәтиже. Спортшының келесі жарыстарда биіктен көрінеріне сенімім мол. Ол үшін Сашаның күш-қайраты жеткілікті, – дейді Басин.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button