Балқаш

Оқыған озады

     Облыстық «Бір аймақ – бір кітап» акциясы аясында Балқаш қаласындағы білім беру ошақтарында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткен шаралар онлайн-семинар режимде қорытындыланды.

Әдіскер Б.Мейірбекова мұрындық болған шараларда ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және оны насихаттау, рухани мұрамызды сақтау көзделген. Сондай-ақ, акция арқылы оқушыларды белсенді оқуға баулу, қызығушылықтарын арттыру, отаншылдыққа әрі өнегеге тәрбиелеу міндеттелген. Оқушылар қала бойынша төрт мектепте ұйымдастырылған шаралар барысында Ы.Алтынсарин, Б.Соқпақбаев, Б.Момышұлы және Д.Исабековтің кітаптарын оқыды. Олар онлайн режимінде өткен семинарға жоғары деңгейде дайындалып, кітапты бар ынтасымен оқығандығын қуана айтуға болады. Алғашқы топтағы мектептер Ы.Алтынсариннің шығармаларынан көрініс қойып, өлеңдерін жатқа айтты. Екінші топтағы Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабы желісіндегі танымдық ойындар мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Жасынан өмір талқысын көп көрген адамның өмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Сол кездегі балалық шақтың қиындығы мен қазіргі кездегі балдауренді салыстыра отырып, қатысқан оқушыларымыз ойларын түйіндеді. Үшінші топ бойынша мектеп оқушылары Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан көрініс қойса, төртінші топ оқушылары Д.Исабековтің «Гаухартас» шығармасын сахналады. Семинарға белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Көптілеу МАХАШОВА,

5 жалпы білім беретін орта мектептің кітапхана меңгерушісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button