Рухани жаңғыру

Оңтайлы шешім

   М.Әуезов атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №12 балаларға қызмет көрсету кітапханасының филиалы «Қарапайым латын тілі» атты  ақпарат күнін өткізді. №8 Өрт сөндіру бөлімінің 3-4 қарауыл командасымен Жамбыл атындағы №7 гимназиясының 9-10 сынып оқушыларына сұрақ-жауап түрінде өткізілген шараның мақсаты – қазақ тілінің латын қарпіне көшу мәселесінен ақпарат беру болды.

Ғалымдардың пікірін ескеретін болсақ, латын әліпбиіне көшу қиындық тудырмайды. Білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы, яғни, жаңартылған білім мазмұны да осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қоспақ. Сондай-ақ, ХХ ғасырда қазақ баласының сауатсыз болмағанын уақыттың өзі дәлелдеді емес пе?!

Бұрынғы мұралар ескерусіз қалмас па екен деген сауалға да тоқталды. Біздің шамалауымызша, 650-700 томдық еңбектер жаңа әліпбиге бастапқы кезеңде көшірілуі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілдің болашақта үстем болатындығын айта келіп: «Осы контексте қазақ жазуының кириллицаның перифериялық нұсқасы болып отырған бүгінгі жағдайынан арылуымыз қажет» деген болатын. Ал латын әліпбиі бұл біздің тәуелсіз ел ретіндегі өзіндік еркін таңдауымыз. Бұл таңдау тіліміздің төл табиғатын сақтау, түркілік тұтастыққа жету, әлемдік ақпарат кеңістігіне ену үшін жасалған қадам. Ендеше, бұл стратегиялық қадамның дұрыс-бұрыстығын емес, оны орайымен орындаудың амалдарын қарастырғанымыз абзал болмақ.

Л.ОРАЗҒАЛИЕВА,

Қарағанды қаласының орталықтандырылған

кітапханалар жүйесінің №12 балалар кітапханасы филиалының кітапханашысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button