Рухани жаңғыру

Оңтайлы шешім

     Қоғамда латын қарпіне көшу талқыға түсіп, әр түрлі пікірлер айтылуда.Латын қарпіне көшу – Елбасының ұсынған көреген саясатының бірі екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан – төрткүл дүние тоғысар, тоғыз жолдың торабында тұрған ел.

Әлемдегі кез келген өзгерістің біздің елімізді де бір шарпымай өтпейтіні бесенеден белгілі. Заман алға жылжып кеткені соншалық, дүниені машина басқаратын жағдайға жетіп, техника тілі – ағылшын тілі, ендеше, латын қарпіне көшу – ең оңтайлы шешім. Бұл – темірді қызған кезде соғу керектігінің бір көрінісі.

Мектептерде бірінші сыныптан ағылшынша үйреніп жатқан оқушыларымызға көзі қанық болған ағылшын әріптерімен қатар, өздерінің төл тілдері – қазақ тілін латын қарпінде оқып-үйренетіндіктері елімізді төртінші – өнеркәсіптік революциядан қалыс қалмай, өркендеу жолына бастары анық.

Гүлбарам ӘБІЛҒАЗИНА,

№57 С.Саттаров атындағы мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button