Кездесу

Қоғам күткен бетбұрыс

Депутаттар алдағы референдум туралы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Облыстық мәслихаттың хатшысы Серік ӨТЕШОВ болашақ мемлекеттік сектор менеджерлерімен кездесті.

Облыстық мәслихаттың хатшысы, «AMANAT» партиясынан депутат Серік Өтешов алдағы референдум мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында тағы да бірнеше кездесу өткізді. Солардың бірі – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында өтті.

Академияда жыл сайын мемлекеттік қызметке алғаш түскен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары жүргізіледі.

Мемлекеттік сектордың болашақ менеджерлерімен кездесу еркін диалог форматында өтті. Облыстық мәслихат хатшысы азаматтардың конституциялық түзетулер жобасы бойынша жалпы дауыс беруі – референдумда демократиялық қағидаттарға берік ұстанымды көрсететінін атап өтті.

Серік ӨТЕШОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы:

– Конституцияның барлық өзгерістерін еліміздің жалпы дамуы мен саяси кемелденген, демократия­ лық қоғамға қарай кезең­кезеңімен жасалған қадам тұрғысында қабылдау керек. Қоғамның сенімінсіз «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес. Бұл – бүгінгі күнгі фактілердің қарапайым және нақты айқындамасы. Сондықтан, қоғам мен елдің өміріндегі барлық өзгерістер бүкілхалықтық қолдауға ие болуы тиіс. Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президент өкілеттігін күшейту емес, мемлекетті жетілдіру, жаңғырту және нығайту.

Кездесуде алдағы референдум жөнінде ғана емес, сондай-ақ, қалалар мен ауылдық өңірлерде, электрмен жабдықтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету және тағы басқа салаларда мамандардың жетіспеушілігі туралы мәселелер көтерілді.

Барлық сұрақтарға жауап бере отырып Серік Балғатайұлы мемлекеттік сектордың болашақ менеджерлеріне жұмыста табыс және жергілікті жерлерде өз функцияларын сапалы орындауға тілектестік білдірді.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button