Кездесу

«Ақжолдықтар» – ауылда

«Жаңа Қазақстанның» саяси ұстанымы көппартиялық бағытты қолдайды. Партиялардың арасындағы саяси бәсекелестік күннен күнге артып келеді. Соңғы кезде «Ақ жол» партиясы халық арасына жиі шығып, ел сөзіне құлақ түріп, белсенділік танытып, Парламент отырыстарында халқымыз үшін өте маңызды тіл, жер мәселелерін өткір-өткір айтып жүр. «Ақжолдықтар» ауылға бет бұрып, күні кеше Ақтоғай ауданында халықпен кездесіп, ашық пікір алмасты.


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ақ жол» партиясының өкілдері жергілікті қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, жиын өткізді.
Жиынға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Б.Дүйсембинов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Өмірғали, «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің хатшысы, «Ақ жол» партиясы Орталық аппараты басшысы А.Қожахметов, «Ақ жол» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ж.Матаев, «Ақ жол» партиясы Орталық аппаратының SMM менеджері Ж.Дүйсенбайұлы, «Ақ жол» ҚДП ҚОФ төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Е.Әбілдин, сондай-ақ өлкетанушы, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Т.Мұқан қатысты. Жиынды аудан әкімі С.Әбеуова ашып, «Жаңа Қазақстан» идеясының негізгі бағыттарында қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы қамтылғанын, бастаманың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру, жағдайын жақсарту, сол себептен алдағы кезекте қоғамда қордаланған саяси, әлеуметтік- экономикалық және мәдени-рухани мәселелер қайта қаралып, нақты шешу жолдары ұсынылуы қажеттігін тілге тиек етті. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Берік Сәлімжанұлы
өз сөзінде Алаш қайраткерлерінің туған жеріне келіп, қасиетті өлке- дегі сапарының сәтті болғандығын алға тартып, сапар барысында Алаш ардақтысы Ә.Бөкейханның туған жері «Жекежал» қыстауына және әке-шешесі жерленген «Талды бейіт» қорымына тағзым еткен әсерлерімен бөлісті.

Жиын барысында Қазақ Республикасының 100 жылдығы құрметіне және «Алаш» ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін бірқатар аудан азаматтары марапатталды.

Тұрғындардың үйді көп күткені жасырын емес. Аталған үйдің құрылысы 2013 жылы басталып, бірақ, мердігер компания банкрот деп танылған соң құрылыс ұзаққа созылды. Жаңа конкурс жарияланып, басқа құрылыс компаниясы анықталды. Осылайша, биыл 16 қабатты үй аяқталды. Былтыр бірінші блок-секция пайдалануға берілсе, енді екінші кезек тапсырылды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2022 жылғы 27-29 шілде аралығында.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сыздықов «ақжолдықтардан» аудан төңірегіндегі шешімін табуды қажет ететін ең өзекті деген мәселелерді (электр энергиясы, жол мәселесі, тірек елді-мекендер) көтеріп, Мәжіліс депутаттарына аталған мәселелердің Үкімет деңгейінде қаралып, оң шешім табуға ықпал етілсе деген аманатын артты.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button