Руханият

Қоғам індетімен пәрменді күрес

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық мемлекеттік органдардың күнделікті қызметтегі басым бағыттарының бірі.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Ол өзгеден пара алып қана қою емес, мемлекеттік қызметтерді жеке мүддесіне пайдаланумен пара-пар.

Әрине, заман талабының өзгеруіне байланысты сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында да жаңа талаптар қойылуы заңдылық. Соңғы онжылдықта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ауыз толтырып айтарлықтай құқықтық база қалыптастырылды.

2014 жылғы 26 желтоқсанда Елбасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітті.

Стратегия мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін ауқымды шараларды қамтиды.

Стратегияда еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ахуалына талдау жасалады, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар сипатталады, оларды жою жөніндегі тәсілдер мен басым шаралар, Стратегияны іске асыру тетіктері көрсетіледі.

Нәтижесінде, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын, мемлекет институттарына қоғамның сенімін, азаматтардың құқықтық сауаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті деңгейін көтеру, сондай-ақ, еліміздің халықаралық рейтингін жақсарту болуы тиіс.

Стратегияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының түйінді бағыттары: мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамдық бақылау институтын енгізу, квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық деңгейі анағұрлым төмен елдердегі қолданылатын шаралардың базалық негізі – мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және жазалаудың бұлтартпастығы, мемлекеттік органдар жұмысының азаматтық қоғам тарапынан бақылануы, профилактикалық шаралардың тиімді жүргізілуі.

Ғизат ОСПАНОВ,

Қазыбек би атындағы №2 аудандық сотының приставы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button