Әнет баба есімі берілді

     Қарағанды облыстық мешітіне белгілі ғұлама, мемлекет қайраткері, қазақтың атақты биі Әнет баба есімі берілді. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Астана, Алматы, Семей қалаларынан келген меймандар да қатысты.

– Бұл қадам – мәні мен мағынасы бөлек жаңалық. Әнет баба – тарихи тұлға. Қазақтың қатпарлы тарихы мен мәдениеті және этнографиясына айтарлықтай үлесін қосқан жан. Облыстың ақсақалдары мен белсенді зиялы қауымы ақылдаса келе, бір ауыздан Әнет Бабаның есімін таңдады, –  деді облыстық мешіттің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа.

Облыстық мешітке Әнет баба есімін беру – тікелей ұлттық қодтың сақталуы мен рухани жаңғырумен үндестіреді. Салтанатты шарадан соң еліміздің түкпір-түкпірінен келген Әнет бабаның ұрпақтары жамағатқа үлкен ас беріп, құран бағыштады.

Әнет Баба Кішікұлы 1626-1723 жылдары өмір сүрген. Қазақ мемлекетінің қайраткері, зерттеуші, Тәуке ханның кеңесшісі болған. Өз заманында «Билердің биі» атанған оқымысты ғұлама. 2007 жылы Алматы қаласының бір көшесіне Әнет бабаның есімі берілген.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.