Қаражал

Өнерімен өрледі

    Қаражал қаласы мәдени-сауық орталығында «ЭКСПО – 2017» көрмесіне арналған балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сайысы өтті.

Байқауға қатысушы балғындар ән салу, хореография, көркемсөз оқу, сондай-ақ, қолданбалы өнер жанрлары бойынша өзара бақ сынасты. Бәсекелі сындағы ән айту аталымында №3 орта мектептің оқушысы Жанна Сабирова ат оздырса, «Делис» бишілер тобы хореография жанрында үздік деп танылды. Көркемсөз оқушылар арасында ерекше мәнерімен көзге түскен №1 орта мектептің оқушысы Гүлнұр Түйтебаеваның бағы жанды. Ал, қолданбалы өнер көрмесінде оқушылардың өз қолдарынан шыққан тартымды дүниелерімен дүйім елді тамсантқан №3 орта мектебі І орынды иеленді.

Енді, үздіктер сәуір айында Қарағандыда өтетін облыстық байқауда бақ сы­найды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТҰЛЫ

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button