Негізгі басымдық – бизнес-ортаны жақсарту

       Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыруда кәсіпкерлік басқармасы бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту туралы бірқатар шараларды іске асыруда. Бұл орайда басқарма Қарағанды облысы әкімінің қаулысымен 2017-2019 жылдарға арналған Қарағанды облысында бизнесті жүргізу және көпшілік, оның ішінде отбасылық, кәсіпкерлікті жақсарту жөніндегі жоспар әзірлеп, бекіткен болатын.

Жоспардың мақсаты – жалпы қосылған құнды ұлғайту және шағын және орта бизнесті арттыру. Бүгінгі таңда  нәтижелер бар. 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 3,6%-ға өсіп, шамамен 80 мың бірлікті құрады.

Кәсіпкерлер санының артуымен олардың өнімдерінің көлемі де ұлғаюда. Мәселен, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында ШОБ өнімінің көлемі 170,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға жоғары.

ШОБ секторы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда. Дәлірек айтсақ, экономикалық белсенді халықтың шамамен 33%-ы және барлық салық түсімдерінің жартысына жуығы осы бизнестің еншісінде.

Кәсіпкерліктің дамуына, ең алдымен, мемлекеттік қолдау, сондай-ақ, бизнес-ортаны жақсарту және кеңейту бойынша қабылданған шаралар ықпал етті.

Биылғы жылы бизнеске нақты қолдауда 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын іске асыру тиімді болды.

Бүгінгі таңда бағдарламаның екінші бағыты бойынша     2 млрд. теңгеге 522 жеңілдік несиесі берілді. Белсенді аймақтар Жаңаарқа, Шет және Осакаровский аудандары. Соның нәтижесінде 185 жаңа жеке кәсіпкер тіркелді. «Бастау-Бизнес» жобасында 683 кәсіпкер білім алды.

Биылғы жылы пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және несиелерді кепілдендіру арқылы кәсіпкерлердің 169 жобасы қолдау тапты. Бұл шамамен 6,5 мың жұмыс орнын үнемдеуге және құруға мүмкіндік берді және 1,8 млрд. теңгеге бюджетті салықпен толықтырды.

Жоспар үш кедергіні жоюды көздейді: инфрақұрылымға және қаржыландыруға қол жетімсіздік, бизнестегі әкімшілік қысымның негізсіз жоғары деңгейі және нарыққа кіру кезінде кедергілердің болуы. Қарағанды облысында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Айталық, кәсіпкерлік бойынша 19 сарапшылық кеңестер жұмыс істейді. Барлық кеңесші ұйымдардың  құрамының 50%-ын бизнес өкілдері құрайды. Яғни, сөйтіп, кәсіпкерлерге  өз құқықтарын қорғауға,  ұсыныстар жасауға мүмкіндік беріледі.

2017 жылғы 6 айдағы тексерулер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеді. Ал, 2018 жылға қарай 30%-ға төмендету жоспарланып отыр. Рұқсат беру құжаттары мен ақпараттық құралдарды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылдың сәуір айында Қарағанды облысының әкімдігі жанынан облыс әкімінің басшылығымен кәсіпкерлік жөніндегі комиссия құрылды. Негізінен, бұл тарифтерді қалыптастыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, бизнесті жүргізу үшін жер телімдеріне қол жетімділік, инженерлік инфрақұрылымға қосылу, салықтық әкімшілендіру және басқа да мәселелерді қарастырады. Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде барлық мәселелер бойынша белгілі бір шешімдер қабылданады.

Мысалға, Қарағанды қаласында заңды тұлғаларға сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселесі, мемлекеттік сатып алу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Биылғы жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына тегін жер телімдерінің, қуаттылықтардың және бос өндірістік нысандардың электрондық картасын жасау және өткізу үшін жаңа бастамалар қолға алынды. Ақпараттар Қарағанды облысының әкімдігінің, Кәсіпкерлік басқармасының және аймақтық кәсіпкерлер палатасының ресми сайттарында да жарияланды.

Жалпы жоспарда үш жылда, экономиканың базалық салаларында, атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік және туризмде шамамен 100 жобаны іске асыру және 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын  құру көзделген.

 

Татьяна АБЛАЕВА,

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.