Руханият

Өнегелі орта – өнерлі топ

     Күз келсе шаңырақты әнге, қойманы дәнге толтырған бағбан-жомарт берекелі мезгіл көз алдымызға келеді. Құстың базары тарқап, қыстың қамына кіріскен адамдар сарыала жапыраққа көмілген күрең даланың әсем кейпін әсерлі жырлап, балалар «Алтын күз» мерекесін тойлайды. Сондай тамаша тағылымды іс-шара жуырда қаламыздағы №134-ші «Гауһар» балабақшасының «Балапан» тобында өтті. Ендеше…

Не керек, күз мезгілін әнге арқау етіп, бау-бақшаның жеміс-жидектерін бүлдіршіндер сомдап ортаға шықсын! Бақшадағы күнбағысты шоқуға келген кәрі қарғаның оқиғасымен басталған көріністі балапандар шынайы сахналаған. Қызықты сәттер кезең-кезеңімен өрбиді. Әр жеміс өзін таныстыра келіп, бағбан атаны қарсы алып, алтын күз ханшайымынан себетпен сыйлыққа жеміс-жидек алатын сәті бар. Күнбағысты қорғау барысында неше түрлі ойындар ұйымдастырып, белсенділік танытады.

Әрине, осы ретте бала тәрбиесінде бар ынтасымен жұмыс атқарып, іс-шараның тиянақты өтуіне күш салған аталмыш топтың тәрбиешісі А.Әбілқайырдың, оның көмекшісі Л.Оханова мен музыка жетекшісі Ф.Тлейханның еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ал, жалпы балабақшадағы тап-тұйнақтай тазалық пен сауатты ілім, темірдей тәртіп пен тағылымды тәрбиенің бастауында тұрған директор Д.Инкабекова мен әдіскер М.Тюлембекова жайлы әңгіме тіпті өрісті. Олар қандай мерекеде болмасын бүлдіршіндердің өнерлерін көрсетуге асығып, өнегелі ортаның ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас орнатып отыр.

Бүгінгі салтанатты шара соңында да балақайлар қол ұстаса би билеп, алтын күзді дәріптейтін өлеңдерін оқып, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button