Назарда – түлектер туындысы
Жуырда облыстық бейнелеу өнері мұражайында «№1 балалар көркемөнер мектебі» түлектерінің шығармашылық жобасын қорғау қорытындысы өтті.
Алты жылдан астам аталған көркемөнер мектебі «Түлек» жобасы бойынша мұражаймен шығармашылық байланыс жасауда. Түлектер кең аудиторияда ата-аналар мен курстастары алдында өз жұмыстарын қорғады. Бұл емтихан – педагогтар мен оқушылар үшін, есеп беру көрмесі болып табылады. Экспозицияда пән бойынша – сурет, кескіндеме, құрылым, мүсін сынды қорытынды жұмыстар ұсынылды.
Жұмыстар түрлі техникада, түрлі стильде орындалған. Көптеген туындылар көпұлтты еліміз бен салт-дәстүрлерге арналды. Бұл – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетсе керек. Ал, шәкірттерінің шеберлігін шыңдап, шығармашылық тұлға қалыптасыруда табанды тер төгіп жүрген жетекші педагогтар – С.Күлпеиісов пен А.Орлов.
Өз тілшімізден.