Насихат жұмысы жүргізілуде

Жақында Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының латын әліпбиіне көшу саясатын жүзеге асыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты ақпараттық — насихаттау шарасы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Аудандық тарихи-өлкетану музейі «Латын әліпбиі қазақ тілінің жаңа белесі» атты арнайы көрме ұйымдастырды. Ақпараттық-насихаттау шарасына қатысқан облыстың тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы Ә.Қашқынбек «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмысын ұйымдастыру» жөнінде баяндама жасады. Ал, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Ж.Қағазбаев «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы» тақырыбында және осы оқу орнының қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кадидаты М.Тұрсынова «Латын графикасына негізделген қазақ жазуы және еміле ерекшелігіне қатысты ұсыныстар» тақырыбында баяндама жасады.
Ақпараттық-насихаттау шарасына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, 10-11 сынып оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты. Олар өз кезегінде өзекті мәселе туралы пікірлерін білдіріп, үн қосты.

Ержан НАЙМАНБАЙ,
Бұқар жырау аудандық
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.