Нәтиже көңілдегідей болмай тұр
Футболдан Қазақстанның U-21 құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті ойыны 16 қарашада сырт алаңда өтпек. Бұл жолы ұлттық құрама жастары Мальта құрамасымен кездеседі. Қазіргі таңда отандастарымыз жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Бүгінде ұлттық құрама жастарының ойыны – көңіл көншітпейді. Себебі, биыл Еуропа чемпионатындағы топтық кезеңінде өткізген үш ойында да жеңіліп қалды.
Әуелі, қыркүйектің басында сырт алаңда Венгрия құрамасының жастарынан 2:0 есебімен жеңілді. Одан кейін сырт алаңда 1:0 есебімен Белгия құрамасынан жеңілді. Қазан айында отандастарымыз өз алаңында Испания жастарын қабылдап, 0:4 есебімен есе жіберді.
Отандастарымыз Мальтамен болатын ойынға дайындықтары қызу. Қос команда бұған дейін бір-бірімен кездеспеген. Ал, Мальта құрамасының жастары да чемпионатта айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетіп жатқан жоқ. Сондықтан, отандастарымыз бұл кездесуде жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салатыны анық.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz