Бас тақырып

Нұрбек Оралбай: финалдық жекпе-жек қашан өтеді?

Париж Олимпиадасының финалына шыққан боксшы Нұрбек Оралбайдың жекпе-жегі 8 тамыз 00:30-да өтеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Суретті түсірген Владислав Семенов

Жекпе-жек «Хабар» арнасының эфирінде көрсетіледі.

Айта кетері, 80 келі салмақта өнер көрсететін Нұрбек Оралбай жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен жеңді. Ал Александр Хижняк Куба өкілі Арлен Лопесті жарыс жолынан шығарды.

Украиналық боксшы 2020 жылғы Токио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған. Оған дейін Еуропа және Әлем чемпионы атаған.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button