Нұрада жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Нұра ауданы, Кертінді ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бір ауысымда 25 науқасты емдеуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Ол бүгінде мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді.

Ғимаратта 12 кабинет заманауи құрылғылармен жабдықталған. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін де барлық жағдайлар жасалған.

– Кертіндіде бұрын өте ескі ауылдық аурухана болған. Тозығы жеткен ғимарат заманауи санитарлық талаптарға сай келмеді. ФАП құрылысы көп жылдан бері қордаланып келген мәселені шешті. Енді жергілікті тұрғындар сапалы медициналық қызмет ала алады, – дейді Нұра ауданының орталық ауруханасының директоры Орал Мазитов.

Фельдшерлік-акушерлік пунктте құралдарды зарарсыздандыруға, анализдерді жинауға және пациенттерді вакцинациялауға арналған барлық қажетті жабдықтар бар.