Жаңалықтар

Министр журналистерге жасалған шабуыл туралы: Түпкі тапсырыс берушілер анықталатынына сенеміз

Ақпарат және қоғамды даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистерге шабуыл жасаған топқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: exk.kz

– Ұсталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арандатушымен бірге түпкі тапсырыс берушілер де жақын арада анықталады деп сенеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тергеу барысын жіті назарда ұстайды, – деп жазды министр желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті. Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген шетел азаматы 2 айға қамауға алынды. Бұған дейін журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген 18 адам ұсталғаны белгілі болды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button