Жаңалықтар

Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: kaz.nur.kz

– Ұсталған топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қорқыту», 147-бабы «Жеке өмірге қол сұғу», 158-бабы «Журналистік қызметке кедергі келтіру», 202-бабы «Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және 293-бабы «Бұзақылық» бойынша айып тағылуда, – делінген хабарламада.

Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды.

Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button