Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген шетел азаматы 2 айға қамауға алынды
Алматы қаласының тергеу соты О.Токаревты 22 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 24 ақпандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының күдікті Т-ны екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 22 сәуіріне дейін, – делінген сот хабарламасында.