Жаңалықтар

Міндетті медициналық сақтандыру туралы не білеміз?

     2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ.

Мемлекеттің айрықша санаттағы азаматтар (әлеуметтік әлжуаз топтар) үшін төлейтін жарна мөлшерлемесі орташа айлық жалақының 7% болады. Оның үстіне, мөлшерлеме біртіндеп көтеріледі: 2017 жылы 4%, 2018 жылдан 5%, 2023 жылы 6%, 2024 жылдан – 7%.

Жұмыс берушілер төлейтін жарнаның жалпы мөлшері табыстың 5% құрайды, сонымен қатар, төлем 2017 жылы 2% басталады, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 4% және 2020 жылдан бастап – 5% болады.

Қызметкерлер төлейтін жарна мөлшерлемесі табыстың 2% құрайды, сонымен қатар, оларды төлеу 2019 жылы 1% басталып, 2020 жылдан – 2% болады. Бұл жарналар жеке бас табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі.

Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар) төлейтін жарна мөлшері табысының 7% құрайды. Сонымен қатар, жарна мөлшері 2017 жылы 2% бастап, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5% және 2020 жылдан – 7% болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден азаматтардың 15 санаты (әлеуметтің әлжуаз топтары) босатылады. Оларға балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және бұрынырақта «Батыр ана» атағына ие болған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, ҰОС қатысқандар және мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін ұйымдарда күндізгі оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарында резидентура нысаны бойынша оқып жатқан тұлғалар, бала туғанына, бала асырап алғанына байланысты, 3 жасқа толмаған баласының күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ, баласы 3 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот үкімі бойынша ең аз қауіпсіздігі бар мекемелерден бөлек ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғалар, уақытша ұстау және тергеу оқшаулағыштарында жатқан тұлғалар жатады.

Интернет материалдары бойынша дайындалды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button