Нұра
Мерекедегі қос тарту
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында «Шахтер» серіктестігі облыс көлемінде теңдесі жоқ картоп сақтайтын ауқымды қойманы іске қосты.
– Негізі 68 мың тоннаға шақталған қоймада қазіргі күні картоптың 4 түрлі сұрпы сақталуда. Өнімге деген сұраныс жаман емес. Бүгінгі таңда Қазақстаннан бөлек, шет елдерге де өнімімізді жөнелтудеміз, – деді серіктестік директоры Г.Прокоп. Жаңа заманғы озық үлгідегі, 757 млн. теңгеге тұрғызылған ғимарат жұмысын бастағалы төрт жұмыскер еңбекпен қамтылды.
Сонымен қатар, Пржевал ауылының кейінгі 10 жылда төрт қабырғасы қаңырап қалған мәдениет үйінің ғимараты есігін қайта ашты.
Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.
НҰРА ауданы.