Руханият

Мерекеде – мерейлі

Биылғы жылы қазақстандық танкішілер «Армия» халықаралық әскери ойындары аясындағы «Танк биатлоны» байқауында қатысушы 17 команда арасында ІІІ орынға табан тіреп, сайыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Оған Қазақстанмен қоса, Ресей және Қытай әскери құрамалары қатысқанын ескерсек, бұл – жоғары жетістік. Осы жайтқа Танкішілер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында айрықша мән берілді.

Броньды танк әскерлерінің бүкіл тарихы Отанның әскери шежіресінің ерлік белесін, жауынгер танкішілердің батылдығын, табандылығын, бекемділігі мен қайсарлығын сипаттайды. Танк әскерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында өшпес даңққа ие болып, фашист басқыншыларын жеңуге сүбелі үлес қосты.

Бүгінгі күні танк құрамалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басты соққы беруші күші болып табылады.

«Бұл күрделі, қажырлы, кейде қауіпті, алайда, құрметке татитын еңбек. Баршаңызға Отанға аянбай қызмет етуде сәттілік, одан әрі даму және мықты денсаулық тілегім келеді», – деді запастағы генерал-майор Аманжол Оспанов аталған жиындағы өзінің құттықтау лебізінде. Салтанатты сәтте ел қорғанысын нығайту ісіне ерекше үлес қосқан бір шоғыр әскери азаматтарға естелік медальдар табыс етіліп, оған қатысушылар мерекелік концертті тамашалады.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button