Ресми
Мемлекеттік қызмет: жастар үшін жаңа мүмкіндік
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен мемлекеттік қызметке жастарды тарту мақсатында Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің VI курс студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметке кіру бойынша енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметтің артықшылықтары және конкурссыз мемлекеттік қызметке орналасу туралы ақпарат берілді.
Айта кетейік, аймақта өзгерістердің нәтижесінде жоғарғы оқу орнының 20-ға жуық түлегі конкурссыз негізде мемлекеттік қызметке орналасқан.
Кездесу соңында департамент басшысы болашақ түлектерге сәттілік тілеп, мемлекетке қызметке кіруге шақырды.
Департаменттің баспасөз қызметі.