МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – САПАЛЫ

         2015 жылы Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік ұйымдарға қоғам алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру міндетін жүктеген болатын. Аталған міндетті жүзеге асыру үшін 2016 жылдың 7 сәуірінде  мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері ретінде коммерциялық емес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ құрылған болатын.

Мемлекеттік корпорация мейлінше сұранысқа ие мемлекеттік қорғау, жер қатынастары және бір стандарт бойынша жылжымайтын  мүлік үшін қызмет көрсету саласының жұмыстарын біріктірді және құрамында үш мемлекеттік кәсіпорынды және бір мекемені қамтыды: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік бойынша орталық, жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы  және зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық.

Мемлекеттік корпорацияның негізгі міндеті – жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оның жариялығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету. 70-тен астам қызмет көрсетуге кез келген азамат Қазақстанда корпорация арқылы  қол жеткізе алады. Барлығы 530 мемқызмет есепке алынып, оның 215-і өзіндік ақпараттық жүйе арқылы ұсынылады, 315 автоматтандырылған қызмет көрсету – «Сonnection point» – әркім өзіне қызмет көрсету секторы арқылы жүзеге асады.

Қазіргі таңда жергілікті орындарда бірыңғай ережелер мен жұмыс қағидаттары бойынша әрекеттегі кеңселер жаңғыртылуда, қызмет көрсетудің мерзімін азайту мен азаматтарға қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін жедел ынтымақтастық жолға қойылуда.

Сонымен қатар, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын құру бойынша қанатқақты жобаның енгізілгендігін атап өткен жөн. Бұл коммерциялық емес акционерлік қоғамды 2016-2020 жылдарға  дамытудың стратегиясында қарастырылған.  Өткен жылдың тамызында Астана қаласында «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік база аясында атқарылатын жалпыпрофильді жұмыстардың және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстыру жүзеге асты. Осының нәтижесінде нақты мүмкіндіктердің бірқатары анықталды. Бұл – алдағы уақытта қатардағы интернет-ресурстарды пайдаланушылардың  ешбір кедергісіз  біріктірілген (қосылған) электронды базадан және жер кадастрынан қажетті ақпаратын алу мүмкіндігі пайда болатынын көрсетеді.

Өткен жылдың тамызының басында бұрынғы баршаға мәлім «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» және «Жылжымайтын мүлік бойынша орталық» департаменттері  қызметтерін тоқтатты, қазіргі таңда аталған мекемелердің барлық құқықтары мен міндеттіліктері Жер кадастры және жылжымайтын түлікті техникалық тексеру департаментіне –  Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалына ауысты.

Жаңадан құрылған департамент жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық тексеруге байланысты барлық жұмыс және қызмет көрсету, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 153 бабына сәйкес оны технологиялық жүргізу жұмыстарын  атқарады.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудегі департамент қызметінің мақсаты – мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ҚР табиғи және шаруашылық жерінің  ережелері, орналасуы, мақсатты пайдаланылуы, жер учаскелерінің өлшемі және шекаралары, олардың сапалық сипаттамалары, жер пайдаланудың есептілігі және жер учаскелерінің кадастрлық құны, жер учаскелеріне субъектілердің құқықтары, суарылатын учаскелердің мелиоративтік жағдайы туралы, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық шарттары бойынша, оларды пайдаланудың есептілігі туралы  жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру және ұсыну болып табылады.

Біздің аймағымыздың ерекшелігі туралы қысқаша айтып өту қажет. Сонымен қатар, оны анықтама түрінде ұсынған жөн. Қарағанды облысы ауқымды ауданды иеленеді — 42,8 млн.гектар немесе 427982 шаршы шақырым (еліміздің жалпы аумағынының 15,7 пайызы), Қазақстанның ірі аймағының бірі болып  табылады. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 18 бірлікте ұсынылған: 9 аудан және облыстық маңыздағы 9 қала. Бүгінгі таңда аймақта 449 елді мекен есепте. Облыстық орталықтан әкімшілік аумақтардың қашықтығы 250 шақырымнан 700 шақырымға дейін.

Сонымен қатар, аймақта республикалық маңыздағы ерекше қорғалатын 12 табиғи аймақ бар. Олардың арасында ең ірісі – Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи  саябақ, ауданы 90 мың га, Қарқаралы ауданының жерінде  және  «Бұйратау» МҰТҚ, ауданы 28,1 мың га, Осакаров ауданында орналасқан.

Облыс бойынша 300 мың жер пайдаланушылар есепке алынған, 7 мың аграрлық сектор субъектісі жер өңдеумен шұғылданады, соның ішінде, 6800 шаруа қожалығы, 223 ауыл шаруашылығының заңды тұлғасы бар. 122 жер қойнауын пайдаланушылар 46,5 мың га ауданда өз қызметтерін жүзеге асыруда. Олардың қатарында, «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ және тағы басқалары бар.

Біздің департамент Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының шаруашылық субъектілерімен жер учаскелерін рәсімдеуде, сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мақсатында  мемлекеттік техникалық саласында жемісті ынтымақтастық құруға дайын. Біздің тарапымыздан жұмыстарды жоғары сапада атқару және қызмет көрсетуге төлем бойынша мәселелерді қарастыруға кепілдік беріледі.

Жыл басынан бері Қарағандының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру  департаменті бойынша жобалық-іздестіру және жер-кадастрлық жұмыстарының, сонымен бірге, жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық  тексерудің ауқымды жұмысы  атқарылды. Биылғы жылдың 6 айында жер-кадастрлық жұмыстардың көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47 пайызға артық және болжамнан 176 пайызды құрады.

Осы кезең аралығында  филиал арқылы 23131 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық қызмет көрсетулер облыстың аумақтық ХҚО арқылы жүзеге асты.

Коммерциялық емес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  акционерлік қоғамы  және оның аймақтық филиалдары арқылы корпорация департаменттері қызметтерінің мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңа сапалық көрсеткішке көтерілуі үшін барлық ұтымды шаралар қолданылуда екенін атап өткен жөн. Дер кезінде және алдағы уақытта тиісті орындалысын күткен шаралар мол, сондықтан департамент ұжымы дайындалған бағдарламалардың табысты жүзеге асуына және діттеген мақсаттарға жетуде білек сыбана еңбек етуді міндет деп біледі.

 

Р.S. Облыстың өңірлерінде тапсырыс берушіге сапасыз қызмет көрсетудің барлық фактілері туралы немесе біздің қызметкерлеріміздің қатарынан сыбайлас жемқорлық анықталса, Қарағанды қаласындағы орталық кеңсеге 47-56-87 (Код 7212) телефоны бойынша хабарлауға болады.

 

Кегенхан АТАМҚҰЛОВ,

Қарағанды облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті

техникалық тексеру департаментінің директоры.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.