Жаңалықтар
Мемлекетке 760 млрд теңге қаражат қайтарылды
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов елге қайтарылған қаражат сомасын атады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
– Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды, – деді Берік Асылов Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында.
Бас прокурордың айтуынша, қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар атқарып жатыр.