Басты тақырып

Мемлекет кепілдігіндегі заң көмегі

    Азаматтардың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етудегі басты роль, ал заңмен көзделген жағдайларда тегін заң көмегін көрсету адвокатураға тиесілі.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы және азаматтардың білікті заң көмегін алудағы құқықтарын жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру үшін 2013 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы» Заңы қабылданды (одан әрі – Заң).

Заңның 9 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мемлекет кепілдік берген заң көмегіне теңдей қол жеткізуге құқығы бар.

Жоғарыда көрсетілген Заңның 6 бабына сәйкес, мемлекет кепілдік берген заң көмегі: құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру; Заңда және Қазақстан Республикасының ө??? ???зге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру; жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдануы түрінде көрсетіледі.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі: өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен; осы Заңда, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының ө??? ???зге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте адвокаттармен; «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіпте нотариустармен; «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке сот орындаушылары көрсетіледі.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға, тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның өкілі оның мүддесіне орай заңда белгіленген тәртіпте өтініш жасап жүгіне алады.

Мемлекеттік органдармен құқықтық ақпарат беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі өз құзыреті шегінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

Адвокаттар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілер ретінде Заңда, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғаларға мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсетеді.

Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы қамтамасыз етеді.

Адвокаттардың ауылдық елді мекендерде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуін облыстың адвокаттар алқасы қамтамасыз етеді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттар:

– соттар асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде – өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт; 

– соттардың қарап жатқан даулары кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса: Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлігі; Ұлы Отан соғысының мүгедегі үшін – Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау органдары беретін соғыс мүгедегінің куәлігі; Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – зейнеткерлік құжат; мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін – уәкілетті орган берген әскери билет; I және II топтардағы мүгедектер үшін – мүгедектігі туралы анықтама; жасы бойынша зейнеткерлер үшін – зейнеткер куәлігі.

Алименттер өндіріп алу мәселелері бойынша – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі.

Зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау мәселелері бойынша – азаматтың жеке басын растайтын құжат.

Ақтау мәселелері бойынша: қылмыстық және әкімшілік процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша-ақтау фактісін растайтын немесе сотқа дейінге тергеудің тоқтатылуы бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істің тоқтатылуы немесе қылмыстық немесе әкімшілік іс бойынша өзге де заңсыз шешімдерді жою немесе өзгерту туралы іс жүргізу актісінің көшірмесі; елден аластату, тұратын жерлерінен немесе мекен еткен аудандарынан аулақтатылу (айдауға немесе жер аударуға жіберу) арнайы қоныс аударуға жіберу түріндегі саяси қуғын-сүргіндердің қолданылғанын растайтын құжаттар, осындай құжаттар болмаған жағдайда,  олардың жойылып жіберілуіне байланысты, адамның қуғын-сүргіндер акцияларының салдарынан Қазақстанның аумағында нақты тұрғанын анықтайтын құжат.

Босқын мәртебесін алу мәселелері бойынша – «Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілер реестрінде № 9592 тіркелген) нысанға сәйкес пана іздеген адамның куәлігінің үлгісін қоса бере отырып, Ішкі істер органдары беретін Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі. 

Оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған және тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстанға келген және «Халықтың көші-қоны туралы» 22.07.2011ж. Қазақстан Республикасының Заңның 8-бабы 5) (армақшасында көзделген тәртіпте өңірлерге қоныстандырылған этникалық қазақтың жеке басын анықтайтын құжат. 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша: Баланың: ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына; хабарсыз кеткен деп танылуына; қайтыс болған деп жариялануына; әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылуына; бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне байланысты жалғыз екі ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айыру туралы сот шешімі; бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуын растайтын құжат.

Қылмыстық, әкімшілік және азаматтық іс жүргізуде жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау немесе өкілдік ету мәселелері бойынша – қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы, судьяның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысы, соттың немесе судьяның адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшесі арқылы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте қорғаушы немесе өкіл ретінде адвокаттарды ұйымдастыру туралы қаулысы.

Қазіргі уақытта Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының құрамында 17 заң консультациялары және 15 адвокаттық кеңселер бар, барлығы 539 адвокат қызметін жүзеге асырады.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – Әділет министрлігі, ал жергілікті жерлерде – аумақтық әділет органдары болып табылуына байланысты облыстық адвокаттар алқасымен ұсынылған тізімге сәйкес, кепілдік берілген заң көмегін жүзеге асыру жүйесінде селолық аудандарды қамти отырып әділет департаменті адвокатпен 324 келісім жасаған.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу мәселелері бойынша кеңестерді Қарағанды облысының әділет департаментінде Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі, 11а үй мекен-жайы бойынша (тел.42-00-62), Қарағанды облыстық адвокаттар алқасында Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 11 үй мекен-жайы бойынша (тел.41-58-94) алуға, немесе сұрақты Қарағанды облысының әділет департаментінің ресми сайтында (www.krg.adilet.gov.kz) жариялауға болады.

Қарағанды облысының

әділет департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button